Шаттыққа толы балалық шақ

Атырау қаласындағы Достық үйінде Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Әрдайым бейбітшілік болсын!» атты мерекелік шара өтті. Іс-шараны Атырау облыстық татар-башқұрт этномәдени бірлестігі ұйымдастырды.

Балғындардың көңілін көтеріп, оларға мерекелік көңіл күй сыйлауды мақсат еткен шара ерекше әсерлі өтті. Мереке аясында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, түрлі ойындар мен қызықты сайыстар өткізілді. Балалар көрермен болып қана қоймай, барлық белсенділікке атсалысып, өз өнерлері мен тапқырлықтарын көрсетті.

Көпшіліктің ерекше қызығушылығын тудырған сайыстардың бірі – арқан тарту. Командалар намысты қолдан бермеуге тырысып, бір-біріне қолдау көрсетіп, жеңіс үшін бар күш-жігерлерін салды. Балалардың қуанышты күлкісі мен жанкүйерлердің қызу қолдауы мерекенің ажарын аша түсті.

Сондай-ақ қатысушылар мультфильм кейіпкерлерінің дауысын тыңдап, туындының атауын табуға арналған танымдық ойынға қатысты. Балалар «Арыстан патша», «Кунг-фу панда», «Құбыжықтар корпорациясы», «Аладдин» секілді танымал мультфильмдерді еш қиындықсыз танып, өз білімдерін ортаға салды.

612174d6 9b11 4864 9d6f 74a3bd8a25fb

Бұдан бөлек, балалардың зейіні мен шапшаңдығын дамытуға бағытталған түрлі тапсырмалар ұйымдастырылды. Қатысушылар берілген түске сәйкес заттарды тауып, логикалық және қимыл-қозғалыс ойындарына белсенді араласты. Әлеуметтік желілерде кеңінен танылған түрлі түсті стақандардың орналасуын болжау ойыны да балалардың ерекше қызығушылығын тудырды.

Мәлике МӘЛІК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT