Aптап ыстықта Атырау полицейлері ауладағы балаларға ерекше көңіл күй сыйлады.
Арнайы автокөліктен шашылған салқын су балалар алаңын әп-сәтте шаттық пен күлкіге бөледі.
Ойын арасында тәртіп сақшылары жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін еске салды:
жолға жүгіріп шықпау;
самокатпен жылдам жүрмеу, бір самокатқа екі адам мінбеу және жаяу жүргіншілер өткелінен жаяу өту;
самокат тепкенде қорғаныш құралдарын пайдалану;
су айдындарына ересектерсіз бармау;
қауіпті жерлерде ойнамау;
бейтаныс адамдарға ермеу;
қауіп төнсе, «102» арнасына хабарласу.
Бұл – жай ғана су шашу емес. Бұл – қауіпсіздік ережелерін балаларға қызықты әрі есте қаларлық тәсілмен жеткізу
Сергіп ал, бірақ сақтықты ұмытпа!
Қауіпсіз каникул – бақытты балалық шақтың кепілі!



