Республикалық референдум бойынша аумақтық комиссия төрағасы ойын білдірді

Елімізде өтіп жатқан республикалық референдум аясында Жылыой ауданында дауыс беру процесі қалыпты әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылуда.

Аудан бойынша референдум өткізу үшін барлығы 24 учаске құрылған. Бұл учаскелерде 48 000-нан астам жылыойлық өз дауысын береді деп жоспарланған. Референдум учаскелерінде дауыс берушілерге барлық жағдай жасалған. Комиссия мүшелері заң талаптарына сәйкес жұмыс жүргізіп, дауыс беру процесінің ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз етуде. Сонымен қатар, учаскелерде тәуелсіз байқаушылар да жұмыс істеп, науқан барысын бақылауда.

     Жылыой аудандық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Зәуре Қалмұханованың айтуынша, кешкі 19:00-ге дейін дейін аудан аумағындағы ешбір учаскеде заң бұзушылық тіркелмеген.
– Бүгінгі референдум өтуіне байланысты ешбір учаскеде заң бұзушылық орын алған жоқ. Барлығы заң талаптарына сәйкес ұйымдастырылды. Дауыс берушілер жеке куәліктерін көрсетіп, бюллетеньдерін алып, белгіленген тәртіппен өз таңдауларын жасады. Сондай-ақ өтініштер негізінде үй жағдайында дауыс беру де ұйымдастырылып, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жүзге жуық дауысын комиссия мүшелері үйлеріне барып қабылдады. Бұдан бөлек, референдум барысын 240-тан астам тәуелсіз байқаушы бақылап отыр, – деді ол.
Айта кетейік, республикалық референдумда дауыс беру таңғы сағат 07:00-де басталып, кешкі сағат 20:00-де аяқталады. Қазіргі таңда дауыс беру аяқталуына санаулы минуттар ғана қалды.

Диана ІЗБАСАРҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT