Референдум учаскесінде белсенділік жоғары

Бүгін Жылыой ауданы, “Кең Жылыой” мәдениет үйінде орналасқан  №94 референдум учаскесі таңғы сағат 07:00-де өз жұмысын бастады. Мұнда алдымен ҚР Әнұраны ойнап, дауыс беру процесі заң талаптарына сәйкес ұйымдастырылды. Тұрғындарға барлық қажетті жағдай жасалып, референдумға дауыс беру тәуелсіз бақылаушылардың қатысуымен өтуде. Мұнда 1 сағаттың ішінде 20-дан астам сайлаушы өз дауысын берді. Оның айтуынша, әрбір дауыс — ел болашағына өз үлесін қосу деп бағаланады.

Диана ІЗБАСАРҚЫЗЫ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT