Референдум салтанатты түрде ашылды

Республикалық референдумның ашылу салтанаты аудан бойынша барлық учаскелерде өтіп жатыр. 

Мәдениет үйінде орналасқан №94 референдум учаскесінде әнұран шырқалып, мерекелік көңіл күй сезілді. 

Аталған учаскеге алғашқылардың бірі болып Абзал Кекілбаев келіп, өз таңдауын жасап, дауыс берді.  

Мемлекеттік саяси науқанда өз шешімін шығарып дауыс беруге келген аудан тұрғыны саяси науқанның маңыздыдығын түсіндіріп, аудан тұрғындарын белсенді болуға шақырды.

Айта кетейік, мұнда 6 комиссия мүшесі, Төраға және орынбасары, хатшы қызмет атқарып, дауыс беру процесін ұйымдастырып отыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT