Мәдениет үйінде орналасқан №94 референдум учаскесінде Жылыой аудандық мәслихатының депутаты Ризангүл Сақиқызы өз дауысын берді.
Депутаттардың референдумға белсенді қатысуы – тек азаматтық парызды орындау ғана емес, сонымен қатар тұрғындарға үлгі көрсету.
– Референдумға қатысу әр азаматтың мемлекет дамуына өз үлесін қосуына берілетін үлкен мүмкіндік. Ел болашағына бейжай қарамай, өз таңдауымызды жасау – ортақ жауапкершілік деп білемін , – деді мәслихат депутаты.
Айта кетейік, республикалық референдум – халықтың ерік-жігерін тікелей білдірудің маңызды нысандарының бірі. Ол азаматтарға мемлекеттік маңызы бар шешімдерді қабылдауға қатысып, ел дамуының бағытын айқындауға мүмкіндік береді.
А.Ерденқызы



