Мәдениет үйінде орналасқан №94 референдум учаскесі маңында жәрмеңке ұйымдастырылуда. Мұратбек Қаржаубаев өз жолдасымен бірге сүт өнімдерін халыққа ұсынып отыр. Аталған өнімдер Бейнеу ауданындағы “Молочный завод Әділ” зауытында өндіріледі.
Бұл бастама тұрғындардың референдумға қатысып қана қоймай, ұлттық тағамның дәмін татып, салауатты өмір салтын ұстануына мүмкіндік беру мақсатында қолға алынған. Мұндай шаралар референдум күнін тек саяси науқан ғана емес, нағыз мерекеге айналдырады.



