Референдум – ел болашағына бағытталған маңызды қадам

Коалиция мүшелері Амангелді Сатыбалдиев, Нұрлан Надиров және Асқар Төремұратов «Кең Жылыой» мәдениет үйі ұжымымен кездесіп, референдумның маңызы мен мәні жөнінде кең көлемді түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында ел дамуына әсер ететін өзекті өзгерістер, азаматтардың конституциялық құқықтары мен міндеттері жан-жақты талқыланды.

Жиын ашық форматта өтіп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді. Әсіресе, қоғам тұрақтылығы мен бірлігін сақтау, заң үстемдігін қамтамасыз ету, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін бастамалар төңірегінде мазмұнды пікір алмасу болды.


Кездесуге мәдениет үйінің 15-тен аса қызметкері қатысып, өз ойларын ортаға салды. Ұжым өкілдері мұндай ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының маңыздылығын атап өтіп, алдағы уақытта да белсенділік танытатындарын жеткізді.

Осындай кездесулер халықпен ашық диалог орнатуға, маңызды саяси науқандар жөнінде нақты әрі сенімді ақпарат беруге бағытталған

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT