15 наурызда өтетін республикалық референдум қарсаңында азаматтар өз сайлау учаскесін eGov Mobile мобильді қосымшасы мен GOV.KZ порталы арқылы табуына болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шыңғыс МҰҚАЕВ
«Баннерге өткеннен кейін пайдаланушы сайлау учаскесін тексеру сервисіне өтеді, онда ол өзінің ЖСН-ін және өңірін көрсетуі қажет. Деректер енгізілгеннен кейін жүйе автоматты түрде сайлау учаскесінің нөмірін, өңір мен ауданды, сондай-ақ дауыс беру орнының нақты мекенжайын көрсетеді», делінген хабарламада.



