Облыс әкімі Қарттар күнімен құттықтады

Құрметті ардагерлер!

Халқымызда «Қарты бар үйдің – қазынасы бар» деген ойлы тәмсіл бар.

 

Осы орайда қазыналы қарттарымызға құрмет көрсету, оларды қамқорлап, қолдау жасау – ата-бабаларымыздан келе жатқан қасиетті салт-дәстүріміз, ерекше борышымыз. Өздеріңіздің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыз кейінгі буын үшін аса қажет, әрі маңызды.

 

Сіздердің мұнайлы өңіріміздің өсіп-өркендеуіне, дамуына, жастар тәрбиесіне қосқан үлестеріңіз өлшеусіз. Бүгінде бейнеттеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың өшпес үлгісін танытып келесіздер.

 

Биыл еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде елеулі реформалық өзгерістер орын алды. Алғаш рет бір палаталы парламент–Құрылтай сайлауы өтіп, қазір жұмыс істеуде, Вице-Президент лауазымы, Қазақстан Халық кеңесі құрылымы да Конституцияға енгізіліп, жүзеге асты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы жаңа Ата Заңды халықпен біте қайнастыруда және келешек ұрпаққа сапалы білім беру, өңірлік саясатты жетілдіру, саяси жаңғыру, ұлтты ұйымдастыруда, жас буынды Отанға сүйіспеншілік, патриотизм рухында тәрбиелеуде ардагерлердің белсенділігіне зор үміт артып отыр. Ендеше, өздеріңізді әркез осындай асқаралы міндетті орындауда алдыңғы шептен көретінімізге бек сенеміз.

 

1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесімен Сіздерді шын жүректен құттықтай отырып, мықты денсаулық, әдемі қарттық және ұрпақ қызығын ұзағынан көруді тілеймін.

 

Болат АҚШОЛАҚОВ,

 

Атырау облысының әкімі

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT