Атырау облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Нұржан Ермұханов Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысып, №279 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.
Оның айтуынша, елімізде жүзеге асырылып жатқан реформалар мен өзгерістер жан-жақты зерделеніп, елдің болашағын дамытуға бағытталған.
«Болашақта еліміздің жарқын болатынына сенімім мол. Себебі қазір көптеген реформалар мен өзгерістер жүзеге асырылып жатыр. Оның барлығы жан-жақты зерделеніп, елдің болашағына пайдасын тигізу мақсатында жасалуда.», - деді Нұржан Ермұханов.



