Жылыой ауданындағы №97 референдум учаскесінде бүгін 18 жастағы Мейрова Жасмин өмірінде алғаш рет дауыс беріп, өз азаматтық таңдауын жасады. Бұл сәт жас сайлаушы үшін маңызды әрі есте қаларлық оқиға болды.
Алғашқы дауыс беру рәсімі барысында комиссия мүшелері барлық қажетті түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, Мейрова Жасминнің құқықтық сауаттылығын қамтамасыз етті. Жас сайлаушының қатысуы жастар арасында азаматтық белсенділіктің қалыптасып келе жатқанын көрсетеді және болашақ буынға үлгі болып отыр.
Учаскеде дауыс беру барысы толық ұйымдастырылған, келушілер өз таңдауларын еркін түрде жасап, ресми рәсімдерді сақтап отыр. №97 учаскеде тұрғындар мен жас сайлаушылардың белсенділігі дауыс беру процесін үздіксіз әрі тәртіппен жүргізуге жағдай жасап отыр.
Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.



