Жылыой ауданындағы №94 референдум учаскесінде дауыс беру үрдісімен қатар, тұрғындарға ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлайтын жергілікті өнімдер жәрмеңкесі ұйымдастырылған. Дәл қазіргі уақытта келушілер түрлі өнімдерді тамашалап, сатып алу мүмкіндігіне ие болып отыр.
Жәрмеңкеде Құйрықмай ет өнімдері, әртүрлі жаңғақтар мен шайлар, тәттілер, консервілер, сондай-ақ түрлі көкөністер ұсынылған. Жәрмеңке дауыс беруге келген тұрғындарға мерекелік әсер сыйлап, сайлау атмосферасын ерекше етеді.
Учаске толық ұйымдастырылған: келушілерге барлық қажетті жағдай қарастырылып, комиссия мүшелері әр азаматтың саналы таңдау жасауына жағдай жасап отыр.
Бұл шара тұрғындардың азаматтық белсенділігін арттырып қана қоймай, жергілікті өнімдер дәріптеуге де үлес қосуда. №94референдум учаскесінде дауыс беру үрдісі мен жергілікті өнімдер жәрмеңкесі үйлесіп, келушілер үшін есте қаларлық, қызықты әрі пайдалы оқиға болып отыр.
Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.



