​№237 учаске: Белсенділік жоғары


​Құлсары қаласындағы №237 референдум учаскесінде дауыс берушілер қатары түс ауа көбейді. Тұрғындар маңызды науқанға біркісідей атсалысуда.

Учаскеге келуге мүмкіндігі шектеулі жандар да назардан тыс қалған жоқ. Мәселен, аяғынан тік тұра алмауына байланысты өтініш білдірген 70 жастағы қария Жұмалы Мақтабайдың үйіне комиссия мүшелері арнайы барып, дауыс беруіне жағдай жасады.
​Сондай-ақ, ауруханада ем қабылдап жатқан азаматтар Т.Қартпаев пен Ж.Бердигожиевтер де таңдау жасаудан қалыс қалмады. Олар емдеу мекемесінде жатса да, өздерінің азаматтық борыштарын өтеп, саяси науқанға белсене қатысты.
​Учаскеде дауыс беру процесі жалғасуда.
​Ш. Хамитова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT