Теңіз қалашығында орналасқан №235 референдум учаскесінде бүгін Денхолм Жолдас мекемесінің қызметкерлері өз азаматтық таңдауын жасау үшін келді. Ұжымдық түрде келген қызметкерлер дауыс беруге белсенді қатысып, референдумның маңызды екенін көрсетіп отыр.
Мекеме қызметкерлерінің ұйымдасқан түрде келуі учаскедегі белсенділікті арттырып, дауыс беру процесінің үздіксіз өтуіне ықпал етуде. Комиссия мүшелері азаматтарды тіркеуден өткізіп, қажетті түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, барлық рәсімнің талапқа сай орындалуын қамтамасыз етуде.
Учаскеде барлық қажетті жағдай жасалған: азаматтар кезек тәртібін сақтап, өз таңдауларын еркін түрде білдіруде. Денхолм Жолдас мекемесінің қызметкерлерінің қатысуы тұрғындардың референдумға деген қызығушылығының жоғары екенін және қоғамдық мәселелерге жауапкершілікпен қарауды көрсетеді.
Тұрғындар мен мекеме өкілдерінің белсенділігі учаскедегі қозғалысты арттырып, референдумға қатысудың маңызды екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.



