Жылыой ауданындағы №235 референдум учаскесінде бүгін бір отбасының бірнеше мүшесі бірге келіп, дауыс беруге қатысты. Орынбековтер отбасы өз таңдауларын жасап, азаматтық міндетін орындады. Отбасының қатысқаны учаскеде ерекше назар аудартты.
Отбасы мүшелері - Сұлтанова Әсем,Орынбеков Мұрат,Орынбеков Болат,Джубанова Мөлдір,Өтеулиева Амангүл,Ахмет Айгерім
Бір шаңырақ астындағы бірнеше буынның бірге келуі отбасы ішіндегі бірлік пен жауапкершіліктің нақты көрінісі болды. Үлкендер жастарға азаматтық белсенділіктің маңызды екенін көрсетсе, жас мүшелер де белсенділік танытып, өз көзқарасын білдірді.
Учаскеде дауыс беру толық ұйымдастырылған, комиссия мүшелері келушілерді тіркеуден өткізіп, рәсімнің талапқа сай өтуін қамтамасыз етуде. Орынбековтер отбасының белсенді қатысуы учаскедегі жалпы қозғалысты арттырып, тұрғындардың қоғамдық мәселелерге жауапкершілікпен қарап отырғанын көрсетеді.
№235 учаскеде дауыс беру күні бойы жалғасып, тұрғындар өз таңдауларын жасайды.
Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.



