Наурыз кең көлемде тойланды

Наурыз мерекесіне орай Дамба балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде ұлттық спорт түрлерінен ұйымдастырылған мерекелік іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында ұлттық дәстүріміздің бірі – тұсау кесу рәсімі де өткізілді.

Сонымен қатар қол күрес, гір көтеру, отырып-тұру, арқан тарту және қазақша күрес бойынша жарыстар ұйымдастырылып, қатысушылар өзара бақ сынасты. Олар өздерінің күшін, ептілігін және төзімділігін көрсетіп, жоғары деңгейде өнер көрсетті.

Бұл шараның басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жасөспірімдерді спортқа баулу және салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі құтты болсын!
Баршаңызға амандық, береке-бірлік тілейміз! 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT