Бүгін елімізде Құрылтай депутаттарының сайлауы өтуде.
Жылыой ауданындағы сайлау учаскелерінде дауыс беру таңғы сағат 07:00-де басталып, тұрғындар өз таңдауын жасауға кірісті.
Саяси науқанға аудан тұрғындарымен қатар, Жылыой аудандық мәслихатының депутаты Ризангүл Атинова да қатысып, №94 сайлау учаскесінде өз дауысын берді. Ол Құрылтай сайлауының елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиға екенін атап өтіп, саяси науқандардан қалмайтынын жеткізді.
Диана ІЗБАСАРҚЫЗЫ



