Қызылқоға ауданының орталығы Миялы ауылында жаңа орталық демалыс саябағының құрылысы аяқталып, нысанды пайдалануға беру үшін құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы аумағы 5 гектарды құрайтын саябақ тұрғындардың тынығуына және бос уақытын тиімді өткізуіне арналған. Жоба аясында ландшафтық жолдар төселіп, беседкалар мен орындықтар орнатылды. Сонымен қатар әртүрлі ағаштар мен бұталар отырғызылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.
Саябақ аумағында жүгіру жолы, сахна, шатырлар мен беседкелер, биодәретхана, ту тұғыры, балалар ойын және спорт алаңдары қарастырылған. Балалар ойын кешендері мен спорт алаңдарына қауіпсіз резеңке жабын төселсе, жаяу жүргіншілер жолдары мен алаңдары плиткамен жабдықталған. Сондай-ақ автотұрақ пен көлік жолдары салынған.
Заманауи талаптарға сай бой көтерген демалыс орны ауыл тұрғындары мен қонақтарының сүйікті мекеніне айналмақ. Қазір нысан бойынша қажетті құжаттарды тапсыру жұмыстары жүргізілуде.
Хұсни ХАМЗА



