Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі жаңашылдықтар

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Н.Еркебаев пен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыс бойынша филиалының директоры Е.Серікұлы Жылыойға сапарлатып, аудандағы мемлекеттік қызметшілермен және квазимемлекеттік сектор қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Іссапардың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын, жаңа редакциядағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Заңының негізгі талаптарын, мемлекеттік қызмет саласындағы жаңа бастамаларды, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттары мен құндылықтарын кеңінен түсіндіру. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Г.Айшуақова және мемлекеттік қызметшілер, мемлекеттік мекемелердің басшылары, жергілікті БАҚ өкілдері, белсенді азаматтар мен аудан тұрғындары қатысты. Жиын барысында мемлекеттік қызмет жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған заңнамалық жаңашылдықтар жан-жақты түсіндірілді. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметке іріктеу рәсімдерінің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік қызметке білікті және жас мамандарды тарту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметке конкурстан тыс тағайындау тетіктері де түсіндіріліп өтті.

Ш.Мұхтарқызы

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT