Мейрамгүл Есниязова азаматтардың дауысының маңызы туралы

Қоғам қайраткері, қалалық мәслихат депутаты Мейрамгүл Есниязова Конституцияға енгізілетін өзгерістер бойынша өткен республикалық референдумға қатысып, №256 референдум учаскесінде өз таңдауын жасады.

Депутаттың айтуынша, референдум — маңызды саяси үдеріс.

Мейрамгүл Есниязова азаматтардың белсенділігі ел алдындағы жауапкершіліктің көрінісі екенін атап өтті. Оның сөзінше, дауыс беруге қатысу және мемлекет тағдырына қатысты мәселелер бойынша өз ұстанымын білдіру — ортақ болашақты қалыптастыруға қосылған үлес.

— Әрбір адамның дауысы — елдің ертеңіне қосылған нақты үлес. Ал осындай маңызды шешімдерге қатысу — әр азаматтың азаматтық борышы.

Рахима Халел
Фото: М. Есниязова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT