Табиғи ресурстар елдің ортақ байлығы екені белгілі.
Оны заңсыз иемдену немесе пайдалану қоршаған ортаға зиян келтіріп қана қоймай, заң талаптарын бұзуға әкеледі. Заң мен тәртіптің талабы қоғамдық және жеке мүлікті ғана емес, табиғи ресурстарды да заңсыз пайдаланудан қорғау.
Осы бағытта Мақат ауданының аумағында 24-28 тамыз аралығында «Браконьер» жедел профилактикалық іс шарасы басталды.
Шараның негізгі мақсаты табиғатты қорғау заңнамасы саласындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, оларды анықтау және жолын кесу.
Іс шара барысында полиция қызметкерлері тиісті сала мамандарымен бірлесіп рейдтік жұмыстар жүргізеді. Негізгі назар браконьерлік фактілерін, табиғи ресурстарды заңсыз аулау мен өндіру жағдайларын, жасыл-желектерді заңсыз кесуді, сондай ақ биологиялық ресурстар мен олардың өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға бағытталған.
Табиғи байлықты заңсыз пайдалану қоршаған ортаға зиян келтіруі мүмкін. Сондықтан мұндай құқық бұзушылықтың алдын алу табиғатты қорғаудың ғана емес, заң талаптарын сақтаудың да маңызды бөлігі.
Құқық қорғау органдары табиғи ресурстарды заңсыз өндіру немесе пайдалану фактілері анықталған жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделетінін ескертеді.
Табиғатты қорғау үшін заң талаптарын сақтау, ресурстарға ұқыпты қарау және заңсыз әрекеттерге бейжай қарамау қажет.



