Майкөмген ауылдық округінде №109 учаскеге Ембімұнайгаз жұмысшылары жаппай келіп дауыс беруде

Жылыой ауданындағы Майкөмген ауылдық округіндегі №109 референдумучаскесі ерекше белсенділікке куә болып отыр. Мұнда Ембімұнайгаз мекемесінің қызметкерлері жаппай келіп, өз азаматтық құқықтарын пайдаланып, дауыс беруде.

Учаске толық ұйымдастырылған: келушілерге барлық қажетті жағдай қарастырылып, комиссия мүшелері әрбір қатысушыға ақпараттық қолдау көрсетуде. Қызметкерлер өз таңдауын жасап, азаматтық белсенділіктің үлгісін көрсетуде, бұл атмосфераны серпінді әрі сенімді қылып тұр.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай белсенділік — елдің болашағына жауапкершілікпен қараудың нақты көрінісі. №109 учаскеде дауыс беру үрдісі тәртіпті әрі ашық түрде жүзеге асырылуда.

Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT