Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 181 жыл толуына орай әдеби-сазды іс-шара өтті.
Мерекелік шарада ақынның «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай» сынды әндері орындалды. М.Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театрының актерлері Абайдың өмірі, ағартушылық қызметі, өлеңдері мен қара сөздері негізінде театрландырылған қойылым ұсынды.
Шара барысында облыс әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов жиналған жұртшылықты Абай күнімен құттықтады.
– Абай күні 2020 жылдан бастау алады. Бұл – ұлы ақынның мұрасын насихаттап, жас ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған маңызды күн. Абай – қазақтың ғана емес, бүкіл әлемнің ұлы философы, ойшылы әрі ұстазы. Оның «Пайда ойлама, ар ойла», «Ғылым таппай мақтанба», «Еңбек етсең ерінбей» деген тағылымды сөздері бүгінгі қоғам үшін де өзекті. Абайдың армандаған кемел адамын қалыптастыру жолында баршамыз атсалысуымыз қажет. Абай – қазақ руханиятының темірқазығы. Оның жұлдызы биікте жарқырай берсін, — деді облыс әкімінің орынбасары.
Салтанатты іс-шара соңында Абай орталығының оқушылары ақынның өлеңдерін оқып, әндерін орындады.
Іңкәр ЖҰМАҚҰЛ



