Көздіғара ауылдық округінде қоршаған ортаны таза ұстау және елді мекеннің көркін абаттандыру мақсатында «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды.
Сенбілік барысында ауыл ішіндегі көшелер мен қоғамдық орындардың айналасы тазартылып, сондай-ақ көрші ауылдық округтер арасындағы жол жиектері қоқыстан және тұрмыстық қалдықтардан тазаланды. Іс-шараға белсенді тұрғындар қатысып, туған жердің тазалығы мен көркейуіне өз үлестерін қосты. Мұндай тазалық жұмыстары қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттырып, тұрғындарды тазалықты сақтауға және туған өлкені көркейтуге ынталандырады.
Тазалық – баршаға ортақ міндет, ал таза әрі көрікті ауыл – әр тұрғынның еңбегінің нәтижесі.



