Қызылқоғада 500 орындық заманауи мәдениет үйі салынып жатыр

Атырау облысы Қызылқоға ауданының орталығы – Миялы ауылында салынып жатқан 500 орындық жаңа мәдениет үйі келер жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

 

Қызылқоға ауданының құрылыс бөлімінің басшысы Нұрбек Қияқбаевтың айтуынша, ауылдағы бұрынғы «Арман» мәдениет үйі апатты деп танылғандықтан, оның орнына жаңа ғимарат салынуда.

 

– Екі қабатты мәдениет үйінің құрылысы былтыр мамырда басталды. Қазір қазаншұңқыр қазу және бетон құю жұмыстары толық аяқталды. Құрылыс белгіленген кестеге сәйкес қарқынды жүргізіліп жатыр, – деді Нұрбек Қияқбаев.

 

Құрылыс жұмыстарын «Жиенбай» ЖШС мердігер мекемесі жүзеге асыруда. Жалпы ауданы 3618,4 шаршы метрді құрайтын жаңа мәдениет үйінде 500 орындық көрермен залы, әкімшілік кабинеттер, әртістерге арналған грим бөлмелері, хореография және үйірме кабинеттері, дыбыс пен жарық операторларының бөлмелері, сондай-ақ техникалық және қосалқы бөлмелер қарастырылған.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT