Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мемлекеттік қызметтердің сапалы әрі қолжетімді көрсетілуіне ерекше көңіл бөледі.
2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтарға барлығы 1914 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде 214 қызмет – электрондық үкімет порталы (eGov) арқылы, 1054 қызмет – проактивті форматта, яғни азаматтың қосымша өтінішінсіз, 627 қызмет – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы және 19 қызмет – бөлім арқылы ұсынылды.
Сонымен қатар бөлімде ұйымдастырылған «Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы» арқылы 848 қызмет көрсетілді. Бұл бұрыш азаматтардың электрондық қызметтерді өз бетінше алуына мүмкіндік береді. Қызмет алушыларға бағыт-бағдар беру және қажетті көмек көрсету мақсатында бөлімде арнайы бір маман бекітілген. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің барлығы оңалтудың жеке бағдарламасы (ОЖБ) аясында жүзеге асырылады. Осы бағдарламаға сәйкес техникалық оңалту құралдары, арнаулы әлеуметтік қызметтер және заңнамада көзделген өзге де қолдау шаралары ұсынылады.
Бөлім мамандары мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі, электрондық форматтағы мүмкіндіктер және қолданыстағы заңнама талаптары бойынша азаматтарға тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Мұндай жұмыстардың негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын көтеру және қызметтерді тиімді әрі уақытылы алуына жағдай жасау.
Алдағы уақытта да аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мемлекеттік қызметтерді кедергісіз алуына қолайлы жағдай жасап, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарын жалғастыра береді.
Л.Досжанова,
аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы



