Кюдо құрамасы: «Рақмет сізге, Қазақстан! Біз міндетті түрде қайта ораламыз!»

Кюдо Жапония құрамасы Қазақстанда өткен турнирге қатысу үшін Жапониядан арнайы келіп, үлкен мәртебеге ие болды.

Шынымызды айтсақ, Қазақстанға келмес бұрын бұл ел туралы көп біле бермейтін едік. Алайда осы жерде жергілікті халықпен кездесіп, араласу арқылы Қазақстанның әсемдігін, мәдениетін және, ең бастысы, халқының ерекше қонақжайлығы мен жылылығын сезіне алдық.

 

Бұл біз үшін шын мәнінде ұмытылмас әсерге толы сапар болды. Әртүрлі елдер мен мәдениеттердің өкілдерімен байланыс орнатудың қаншалықты керемет екенін тағы бір мәрте түсіндік.

 

Бізге осындай керемет мүмкіндік сыйлаған турнир ұйымдастырушыларына, сондай-ақ осы ерекше сәттерді бізбен бірге бөліскен әлемнің түкпір-түкпірінен келген барлық қатысушыларға шынайы алғысымызды және зор құрметімізді білдіреміз.

 

Рақмет сізге, Қазақстан!

 

Біз міндетті түрде қайта ораламыз!

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT