Қымбатты жерлестер, қадірлі ата-аналар, өлкеміздің өрендері!

Баршаңызды 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бала – елдің болашағы мен үміті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және дамуына жағдай жасау мемлекеттің ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті екенін айрықша атап көрсетіп, сапалы білім мен саналы тәрбиені осы бағыттың қос тұғыры ретінде бекітті. Ал «Қазақстан балалары», «Ұлттық қор – балаларға», «Келешек мектептері» сияқты бастамалар – балалар арқылы мемлекеттің ертеңіне салынған инвестиция.

Бүгінде балалардың жан-жақты дамуына тең мүмкіндік ұсынылған және ол мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі болып қала береді.

«Бала – бауыр етің» дейді қазақ. Ертеңін ұрпағымен ұштастыра білген еліміздің келешегі кемел, ұл-қыздары еңселі болсын. Жас атыраулықтарға бақытты балалық, жарқын болашақ тілеймін!

Серік ШӘПКЕНОВ,
Атырау облысының әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT