Қуандыховтар отбасы ұлттық киіммен келіп дауыс берді

№264 дауыс беру учаскесіне Қуандыховтар отбасы ұлттық киіммен келіп, өз таңдауларын жасады.

Ұлттық құндылықтарды дәріптеп, салт-дәстүрді насихаттауды мақсат еткен Қуандыхов Байтемір мен жұбайы Жанаргүл Қабдырова ел болашағын айқындайтын маңызды саяси науқаннан тыс қалмайтынын атап өтті.

– Бүгін еліміз үшін маңызды шешім қабылданатын күн. Мемлекет басшысының бастамасымен референдум күні жарияланды. Біз де өз таңдауымызды жасап, дауыс бердік. Елдің жарқын болашағына, келешек ұрпақтың игілігіне қызмет етсін деген ниеттеміз, – деді олар.

Өз кезегінде Қуандыховтар отбасы болашақ ұрпақтың дамыған мемлекетте бақытты әрі баянды өмір сүруіне тілектестік білдірді.

Хұсни ХАМЗА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT