Атырау облысында Құрылтай сайлауына тұрғындар ерекше образбен келіп, сайлау күнін креативті форматта өткізді.
Жылыой ауданындағы №235 сайлау учаскесіне аудандық мәдениет үйінің бір топ өнерпазы 90-жылдар стилінде киініп келіп, өз таңдауын жасады.
Ал Атырау қаласындағы №10 сайлау учаскесі орналасқан алаңда «90-жылдарды еске ала отырып» атты интерактивті фотозона ұйымдастырылды.
Ретро декорациялар мен сол дәуірге тән атрибуттар сайлау алаңына ерекше көңіл күй сыйлады. Сайлаушылар естелік суретке түсіп, маңызды күнді ерекше форматта атап өтті.
Азаматтық таңдау — тарихта, ал ерекше сәттер — естелікте.



