Әлем дамыған сайын, әртүрлі қорқынышты фобиялар да көбеюде. Соның бірі - радиофобия.
Радиофобия —бұл жүйке-соматикалық психологиялық және физиологиялық аутқушылықтардың кешенді көрінісі. Адамның иондалған және иондалмаған электромагнитті сәулеленуден қауіптеніп, қатты қорқуын «радиофобия» деп атаймыз.
Елімізден 2024 жылы АЭС салу туралы шешім талқыланғанда аталған радиофобияның дендегенін, әртүрлі қауіп-қатерлердің әлеуметтік желіде байбалам салғанынан байқауымызға болады.
Айта кету керек, әлемде 22% адам ұялы телефонды жиі қолданудан қауіптенсе, шамамен 36%-ы 5G сәулеленуден қауіптенетіні белгілі болды.



