Қосшағылдық ауылдық округі мен Қарағай елді мекенінде дауыс беру жалғасуда

Жылыой ауданында республикалық референдум аясында дауыс беру процесі жоспарға сай жалғасуда. Ауданға қарасты Қосшағыл ауылдық округінде орналасқан №105 референдум учаскесінде де тұрғындар өз таңдауларын жасап, саяси науқанға белсенді қатысуда.

Таңертеңнен бастап ауыл тұрғындары учаскеге келіп, азаматтық парыздарын орындап, ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауға өз үлестерін қосып жатыр. Дауыс беру барысында заң талаптары сақталып, тұрғындардың еркін таңдау жасауына барлық жағдай жасалған.

Еске салсақ, Қосшағыл ауылы мен Қарағай елді мекенінен жалпы саны 2357 адам дауыс береді деп жоспарланған. Олардың ішінде 10 тұрғын денсаулық жағдайына байланысты өз үйінен дауыс берген.

Диана ІЗБАСАРҚЫЗЫ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT