Қосшағылда Амал мерекесі атап өтілді 

Бүгін Қосшағыл ауылдық округінде «Бешім ата» саябағында Амал мерекесі ерекше атмосферада өтті. Ауыл тұрғындары бір-бірімен көрісіп, жылы лебіздерін білдіріп, мерекелік көңіл-күйге бөленді.

Дауыс беруге келген азаматтар 
референдум учаскесі маңында ұлттық тағамдардан дәм татып, ауыл өнерпаздарының мәдени бағдарламасын тамашалады.

Осындай игі бастамалар ауыл тұрғындарының ауызбіршілігін нығайтып, маңызды саяси науқанның жоғары деңгейде өтуіне оң ықпал етті.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT