Қосшағыл ауылдық округіндегі №105 учаскеде алғашқы дауыс берушіге сыйлық берілді

Жылыой ауданындағы Қосшағыл ауылдық округіндегі №105 референдум учаскесі тұрғындарды қабылдап, дауыс беру процесі ағымдағы түрде өтуде.

Алғашқы болып өз таңдауын жасаған тұрғын — Серікбаев Саналыбай. Учаске комиссиясы оның азаматтық белсенділігін атап өтіп, арнайы естелік сыйлық табыстады. Бұл сәт келгендерге ерекше әсер қалдырып, дауыс беруге деген ынтаны арттырды.

Учаске толық ұйымдастырылған: келушілерге барлық қажетті жағдай қарастырылып, комиссия мүшелері әр азаматқа ақпараттық қолдау көрсетуде. Қатысушылар өз таңдауын жасап, ел болашағына үлес қосуда.

Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT