Қосшағыл ауылдық округіндегі №105 референдум учаскесінде ең жас дауыс беруші – Кемелхан Ақбаян

Жылыой ауданындағы Қосшағыл ауылдық округіндегі №105 референдум учаскесінде ең жас дауыс беруші ретінде 18 жастағы Кемелхан Ақбаян өмірінде алғаш рет дауыс беріп, өз таңдауын жасады. Ол бұл маңызды сәт үшін естелік сыйлыққа ие болды.

Жас сайлаушының қатысуы жастарға үлгі болып, азаматтық белсенділікті арттыруға септігін тигізеді. Учаске толық ұйымдастырылып, комиссия мүшелері әр азаматтың саналы таңдау жасауына жағдай жасап отыр.

Бұл оқиға сайлау учаскесіне келген тұрғындарға ерекше әсер сыйлап, азаматтық жауапкершілікті көрсетуге ынталандырады.

Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT