КОНСТИТУЦИЯ – ДӘРІГЕР МАРТЕБЕСІНІҢ КЕПІЛДІГІ

Бүгін «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалиция жетекшісі – Бейбіт Мырзағалиев, өңірлік коалиция мүшелері – Муса Хайруллиев, Айжан Қарабаева, Айдос Ибраймовтар Н.Жантөрин атындағы филармония ғимаратында денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен кездесті.

– Жаңа Конституция еңбекті құқық әрі маңызды құндылық ретінде бекітеді. 27 және 31-баптарға сәйкес әрбір азамат еңбек етуге, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға құқылы. Бұл – еңбек еріктілігін қамтамасыз ететін және мәжбүрлі еңбекке жол бермейтін нақты кепілдік. Сонымен қатар, әр адам қауіпсіз әрі санитарлық талаптарға сай еңбек жағдайына, кемсітусіз және әділ еңбекақы алуға құқылы. - деді Бейбіт Мырзағалиев.  

Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі Муса Хайруллиев:

Кездесу барысында қатысушылар медицина қызметкерлерінің еңбегін бағалау, әлеуметтік кепілдіктерді күшейту және сала мамандарына қолайлы жағдай жасау бағытындағы ұсыныстарын білдірді. Жиын қорытындысында денсаулық сақтау саласының өкілдері Жаңа Конституция жобасын қолдайтындарын жеткізді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Референдум 2026

AQPARATPRINT