Аудан орталығында орналасқан Жастар үйі ғимаратында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен «Қызмет алушылар күні» өткізілді. Аталған шараға қала әкімі аппаратының және аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлімдердің 9 маманы қатысты. «Ашық есік» күні аясында аудан тұрғындары өздерін толғандырған мәселелер бойынша жүгініп, тиісті мамандардан кеңес алып, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі жөнінде түсіндірмелер алды.
Іс-шараға 31 тұрғын қатысып, өздерін толғандырған әлеуметтік және тұрмыстық мәселелерін ортаға салды. Кездесуде тұрғындар тарапынан түрлі әлеуметтік тақырыптар көтеріліп, цифрлық кызметтерді пайдалану мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, жұмыссыздық, жер телімін алу кезегі, көше жарығы, тұрғын үй кезегіне тұру, жер учаскесі мерзімін ұзарту мәселелері кеңінен көтерілді. «Қызмет алушылар күні» мемлекеттік органдар арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тәртібі түсіндірілді. Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қызмет ұсынушылармен мемлекеттік қызметтерді алу мәселесі бойынша заңды құқықтар туралы халықтың хабардарлығын арттыру көзделген.
Бұл ретте еліміздің барлық өңірлерінде іріктелген салалар бойынша мемлекеттік қызметтердің тәртібін түсіндіру бойынша «Қызмет алушылар күнін» ұйымдастыру және өткізу қарастырылған.
Жобаның нәтижелері халықтың нысаналы топтарын түсіндіру іс-шараларымен қамтуға мүмкіндік береді, оның барысында көрсетілетін қызметті алушылардың мәселелерін шешу мүмкіндіктері талқыланады. Мұндай «Қызмет алушылар күні» форматындағы кездесулер мемлекеттік органдар мен халық арасындағы байланысты нығайтып, өзекті мәселелерді жедел шешуге және мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді.
А.Талапкер



