«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясының мүшелері «AKTOBE IT HUB» алаңында жастардың, цифрлық және креативті қауымдастықтың өкілдерімен кездесу өткізді.
Өңірдің креативті жастары цифрлық сала, мәдениет пен жастар саясаты мәселелеріне ерекше тоқталды. Қатысушылар жаңа Конституция жобасында азаматтардың онлайн кеңістіктегі құқықтарын қорғау, оның ішінде жеке өмірге қол сұқпаушылықты, дербес деректер мен цифрлық коммуникациялардың қорғалуын бекіту қарастырылғанын атап өтті.
Сондай-ақ, зияткерлік меншікті Негізгі заң деңгейінде қорғау авторлар, продюсерлер, бағдарламалық жасақтаманы әзірлеуші және шығармашылық мамандық иелері үшін құқықтық кепілдіктерді күшейтетінін атап өтті.




