Құлсары да ONAY! электрондық төлем жүйесі іске қосылды

Бүгін Құлсары қаласының қоғамдық көліктерінде ONAY! электрондық билеттендіру жүйесі ресми түрде жұмысын бастады.

Жоба жергілікті әкімдікпен бірлесіп жүзеге асырылуда және жолаушылардың жайлылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Электрондық билеттендіру жүйесінен бөлек, жолаушыларға ONAY! мобильді қосымшасы қолжетімді болады. Ол жол жүру ақысын төлеп қана қоймай, автобустардың қозғалысын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді.

Жаңа жүйеде жол жүру ақысын қалай төлеуге болады?

Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін төлемнің бірнеше тәсілі қарастырылған:

1. ONAY! мобильді қосымшасы — виртуалды картаны тегін шығаруға, автобустарды онлайн бақылауға және QR-код немесе көлік коды арқылы жол ақысын төлеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, қосымшада Geo (Map) Pay функциясы бар: қажетті автобусты тікелей қаланың интерактивті картасынан таңдай аласыз. Жүйе сапарды өзі тіркеп, төлемді есептен шығарады — QR-кодты сканерлеу немесе цифрларды енгізу қажет болмайды.

2. Көлік карталары — пластикалық Бірыңғай ONAY! карталары Исатай Тайманов көшесі, 187 мекенжайындағы өтініштерді қабылдау пунктіне түсті.

Бұдан бөлек, карталарды «Ярмарка» супермаркетінен, сондай-ақ «Begim» ЖК сату нүктелерінен мына мекенжайлар бойынша сатып алуға болады:

• Махамбет көшесі, 242 («Жазира» сауда үйі, Retel бутигі);

• Исатай Тайманов көшесі (Moika бутигі).

3. Мобильді банкинг — төлемді Kaspi.kz, Halyk және bcc.kz қосымшаларында ONAY! QR-кодын сканерлеу арқылы жасауға болады.

4. SMS-сервис — төлем жасау үшін көліктің кодын 9909 қысқа нөміріне хабарлама ретінде жіберу қажет.

5. Қолма-қол ақшамен төлеу — жүргізушіден қағаз билет сатып алу.

«Құлсарыда ONAY! жүйесінің іске қосылуы — өңірдегі қоғамдық көлікті дамытудағы маңызды қадам. Біздің басты мақсатымыз — қала тұрғындарының күнделікті сапарларын барынша жайлы әрі заманауи ету. ONAY! жүйесімен бірге жолаушылар автобустардың қозғалысын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік беретін ыңғайлы мобильді қосымшаға ие болады, сондай-ақ жеңілдікті көлік карталарын жылдам ресімдеу, QR-кодтар мен виртуалды карталар арқылы ыңғайлы төлем жасау мүмкіндігін алады», — деп атап өтті «Алматы қаласының көлік холдингі» директоры Вячеслав Уразбахтин.

Жеңілдікпен жол жүру

Жеңілдікті санаттағы жолаушыларға ерекше көңіл бөлінеді. Оқушылар мен олардың заңды өкілдеріне барынша ыңғайлы жағдай жасау мақсатында ONAY! көлік карталарын ресімдеу тікелей оқу орындарында ұйымдастырылады.

Жеңілдікпен жол жүруге құқығы бар азаматтардың басқа санаттары үшін өтініштерді қабылдау пункті ашылды. Ол мына мекенжайда орналасқан: Құлсары қ., Исатай Тайманов көшесі, 187-ғимарат.

«Әлеуметтік карта» және «Республикалық жеңілдік» карталары бойынша тегін жол жүру азаматтардың келесі санаттарына беріледі:

1. Ұлы Отан соғысының ардагерлері және оларға теңестірілген тұлғалар;

2. Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;

3. Бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар тұлғалар;

4. «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған көпбалалы аналар;

5. Жылыой ауданының құрметті азаматтары.

 

«Жеңілдікті карта» және «7-ден 18 жасқа дейінгі балалар» карталары бойынша жеңілдікпен жол жүруге (бірыңғай тарифтен 50% жеңілдікпен) құқылы тұлғалар:

1. Жасы бойынша зейнеткерлер;

2. Көпбалалы аналар (төрт және одан да көп баласы бар);

3. Үшінші топтағы мүгедектігі бар тұлғалар;

4. 7-ден 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер.

 

ONAY! жүйесі іске қосылғаннан кейінгі алғашқы екі айда жеңілдікті атаулы карталарды алғашқы рет шығару тегін болады.

Осы кезең аяқталғаннан кейін алғашқы шығару құны мынадай болады:

• «Жеңілдікті карта» — 500 теңге;

• «7-ден 18 жасқа дейінгі балалар» картасы — 800 теңге.

 

Қажетті құжаттар, төлем тәсілдері және балансты толтыру туралы толық ақпарат ресми сайтта тұрақты түрде жаңартылып тұрады.

 

Сондай-ақ, барлық сұрақтар бойынша бірыңғай Call-орталыққа мына телефон арқылы хабарласуға болады:

• +7 777- 397-01-91

 

(Қоңыраулар күнделікті қабылданады, құны операторыңыздың тарифіне сәйкес).

 

Компания туралы анықтама:

ONAY! — Көлік холдингі әзірлеген қазақстандық электрондық билеттендіру жүйесі. Жүйе Алматы, Қарағанды, Атырау қалаларында және елдің басқа да өңірлерінде сәтті жұмыс істеп, жолаушылар тасымалының ашықтығын және миллиондаған азаматтар үшін заманауи цифрлық сервисті қамтамасыз етіп отыр.

БАҚ үшін байланыс деректері:

«Алматы қаласының көлік холдингінің» жұртшылықпен байланыс қызметі

Email: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript. 

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT