Жаңа Қаратон кентінде абаттандыру, тазалық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелерді шешу және кент аумағын одан әрі көркейту мақсатында нақты шаралар қолға алынуда. Атап айтқанда, кент әкімі С.Баймұратов тұрғындардың өтініштері бойынша кент аумағын аралап, көтерілген мәселелердің орындалу барысын бақылауға алды.
Аралау барысында абаттандыру, тазалық және инфрақұрылымға қатысты бірқатар мәселелер қаралып, оларды шешу бойынша тиісті жұмыстар белгіленді. Сонымен қатар алдағы уақытта жүзеге асырылатын жобалар мен жоспарланған жұмыстардың орындалу барысы пысықталды. Анықталған кемшіліктерді жою және жоспарланған жұмыстарды сапалы орындау бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берілді.
Кент аумағында тәртіп пен тазалықты сақтау бағытындағы маңызды жұмыстардың бірі – қараусыз жүрген малдарды уақытша ұстауға арналған арнайы қоршаудың орнатылуы. Кент аумағында қараусыз жүрген төрт түлікті уақытша ұстау қызметі 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап ресми түрде жүзеге асырылады. Осыған байланысты кент әкімдігі мал иелерінен төрт түлікті қараусыз қалдырмай, елді мекен аумағында мал ұстау қағидаларын қатаң сақтауды сұрайды.
Тәртіп пен тазалықты сақтау – ортақ мекеніміздің қауіпсіздігі мен жайлылығының кепілі. Ж.Әбдікәрімова



