«Келешек» мектебінде педагогтердің кәсіби дамуына басымдық беріледі

47 «Келешек» мектебінде 118 мұғалім еңбек етеді.

Білім сапасын арттыру бағытында педагогикалық ұжым тұрақты түрде кәсіби дамуға және заманауи оқыту тәсілдерін меңгеруге басымдық беріп келеді.

 

2025–2026 оқу жылында мектептің 85 мұғалімі біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, өздерінің кәсіби құзыреттіліктерін жетілдірді. Бұл педагогтердің заманауи білім беру талаптарына сай жұмыс істеуіне және оқу үдерісінің сапасын арттыруға ықпал етеді.

Мұғалімдердің сапалы білім беруі үшін қолайлы еңбек ортасының болуы аса маңызды. Осы мақсатта мектепте заманауи пәндік кабинеттер, қажетті техникалық құрал-жабдықтар және әдістемелік қолдау жүйесі қалыптасқан. Мұндай мүмкіндіктер сабақтарды қызықты, мазмұнды әрі тиімді ұйымдастыруға жағдай жасайды.

Педагогтердің кәсіби дамуын қолдау мақсатында мектепте түрлі оқыту семинарлары мен тәжірибе алмасу алаңдары тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Соның бірі – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы мамандарының қатысуымен ұйымдастырылған курстар мен тренингтер. Бағдарлама аясында мұғалімдер заманауи оқыту әдістері, кәсіби даму, тиімді коммуникация және топтық жұмыс бағыттары бойынша білімдерін жетілдірді.

Мектепке қазіргі уақытта орыс тілі пәнінен – 1, информатика пәнінен – 1 және биология пәнінен – 1 мұғалім қажет.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT