Келер жылы орта бизнесті дамыту жоспары әзірленеді

Атырау қаласында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіруге арналған республикалық ақпараттық топ мүшелерінің тұрғындармен кездесулері жалғасуда.

 

Кездесуде азаматтардың өмір сүру сапасына тікелей әсер ететін мәселелерге ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, жалақы деңгейі, халықтың табысын арттыру, әлеуметтік сала қызметкерлерін қолдау және өңір экономикасын дамыту бағыттары сөз болды.

 

Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағынаевтың айтуынша, алдағы жылдың басында отандық кәсіпорындарды ірілендіруді ынталандыруға бағытталған орта бизнесті дамыту жоспары әзірленеді. Бұл құжат кәсіпкерлердің негізгі сұраныстары мен өзекті мәселелерін қамтып, бизнестің дамуына жаңа мүмкіндіктер ашуға бағытталмақ.

 

Сонымен қатар кездесуде Қазақстанның энергетика саласының қазіргі жағдайы мен оны одан әрі дамыту перспективалары да талқыланды. Энергетикалық әлеуетті арттыру, саланың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және экономиканың қажеттіліктеріне сай инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне назар аударылды.

 

Жиын барысында қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, саладағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

 

Мұндай кездесулердің негізгі мақсаты – Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген міндеттерді халыққа түсіндірумен қатар, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, ел дамуына қатысты маңызды мәселелерді ашық талқылау.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT