Коалиция мүшесі, Өңірлік Әйелдер қанатының жетекшісі Айман Әшімова Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылдық округіндегі «Ақ жол» кеден бекетінің қызметкерлерімен кездесті.
Жиын барысында Конституцияға енгізілетін өзгерістердің мәні мен маңызы жан-жақты түсіндірілді. Әңгіме мемлекетіміздің зайырлы қағидаттары, заң алдында баршаның теңдігі, азаматтардың құқықтарын қорғау және қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайту төңірегінде өрбіді.
Кеден саласының мамандары ұсынылған өзгерістер елдің тұрақты дамуына бағытталғанын атап өтіп, өз қолдауларын білдірді. Олар алдағы референдумға белсенді қатысу – әр азаматтың азаматтық парызы екенін айтып, әріптестерін де бейжай қалмауға шақырды.




