М.Сатыбалдиев атындағы №18 орта білім беретін мектептің №259 референдум учаскесінде 2199 адам тіркелген, оның ішінде 100-ден астам азаматтар өз дауыстарын беріп үлгерген.
Солардың қатарында 85 жастағы ерлі-зайыпты ақсақал мен әжейді ерекше атап өткен жөн. Олар әр дауыс беру күнін асыға күтетін секілді. Суретте 2024 жылғы және бүгінгі сәттегі естелік көріністер берілген.

Осындай қарттарымыз барда еліміздің болашағы жан тыныштығымен, сеніммен көрініс табатынына кәміл сенуге болады.




