#ЗАҢМЕНТӘРТІП
🚨 «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды!
📅 10-12 тамыз аралығында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жолдағы тәртіпті күшейту мақсатында «Қауіпсіз жол» іс-шарасы өткізілуде.
🚫 Іс-шара барысында:
▫️ мас күйінде көлік басқару;
▫️ белгіленген жылдамдықты асыру;
▫️ қарсы қозғалыс жолағына шығу;
▫️ жаяу жүргіншілерге жол бермеу;
▫️ көлік жүргізу кезінде телефон пайдалану;
▫️ қауіпсіздік белдігін тақпау сияқты құқық бұзушылықтарға ерекше назар аударылады.
⚠️ Жолдағы бір ғана жауапсыз әрекет қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.
🚗 Барша жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, жолдағы қауіпсіздікке ортақ жауапкершілікпен қарауға шақырамыз!
Қауіпсіз жол – ортақ міндет! 🤝



