«Қауіпсіз үй» іс-шарасы: қараусыз қалған нысандар бақылауға алынды

Атырау облысы аумағында 5 қазан мен 5 қараша аралығында өткізіліп жатқан «Қауіпсіз үй» республикалық іс-шарасы аясында учаскелік полиция инспекторлары қараусыз қалған ғимараттарды, жылытылмайтын үйлер мен жертөлелерді тексеруде.

Бүгінгі таңда облыс бойынша 724 қараусыз қалған ғимарат тексерілді.

Сонымен қатар өмірлік қиын жағдайға тап болған, тұрғылықты жері жоқ азаматтардың үсік шалу, өрт және өзге де төтенше жағдайлардан зардап шегуінің алдын алу мақсатында көшелер, жертөлелер, шатырлар, жылу трассалары мен аялдамалар тексерілуде.

 Анықталған азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған жағдайда оларды рәсімдеуге көмек көрсетіліп, азаматтар арнайы бейімдеу орталығына орналастырылады. Жыл басынан бері 48 тұлға бейімдеу орталығына орналастырылды.

 Полиция ескертеді:

 Қараусыз қалған ғимараттарға рұқсатсыз кірмеңіз.

 Балалардың мұндай қауіпті нысандарда жүруіне жол бермеңіз.

 Күмәнді жағдайлар мен құқық бұзушылықтар туралы полицияға дереу хабарлаңыз.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT