Жылыой ауданындағы Қара арна ауылдық округіндегі №107 референдум учаскесінде ерекше атмосфера қалыптасқан. Учаске аумағында жас домбырашылар өз өнерлерін көрсетіп, келушілерге күй тартып, музыкалық концерт өткізуде.
Келушілер өнердің әуезді әуенімен танысып, ұлттық музыка дәстүрлерін сезіну мүмкіндігіне ие болып отыр. Балалар мен жасөспірімдердің өнер көрсетуі тұрғындар үшін ерекше әсер қалдырып, учаскенің көңіл-күйін көтеруде.
Ұйымдастырушылар концерттің мақсаты — дауыс беру процесіне мәдени серпін қосу, жас өнерпаздардың шығармашылық қабілеттерін көрсету екенін атап өтті. Қазіргі уақытта учаскеде дауыс беру үрдісі жалғасып, келушілер өнер мен саяси науқанды қатар тамашалауда.



