Қараусыз мал – жол қауіпсіздігіне қатер

Тасжолдағы қараусыз жүрген мал жүргізушілер үшін күтпеген кедергіге айналып, жол-көлік оқиғасына себеп болуы мүмкін. Әсіресе тәуліктің қараңғы уақытында мұндай жағдайдың соңы ауыр зардаптарға әкелуі ықтимал. Осыған байланысты патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушілер мен мал иелерін жол қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Жуырда кешкі уақытта республикалық маңызы бар «Доссор-Құлсары-Бейнеу» автожолында қараусыз жүрген үй жануарларының кесірінен 3 жол-көлік оқиғасы орын алды. Бұл жағдай жол бойында малдың бақылаусыз жүруі көлік қозғалысына елеулі қауіп төндіретінін тағы бір мәрте көрсетті. Патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушілерге жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтаудың маңызын ескертеді. Әсіресе қараңғы уақытта көлік басқарған кезде жолдың жағдайын, көріну деңгейін және қозғалыс жылдамдығын ескеріп, қауіп туындаған жағдайда дер кезінде әрекет ету қажет. Жол бойында мал кездескенде жылдамдықты төмендетіп, қауіпсіз арақашықтықты сақтау маңызды. Ал мал иелеріне үй жануарларын қараусыз қалдырмай, олардың автомобиль жолдарына шығуына жол бермеу қажеттігі ескертіледі. Мал бағу және күтіп-ұстау талаптарын бұзу салдарынан жол-көлік оқиғасы орын алса, жауапты тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Жол қауіпсіздігі – барша азаматтың ортақ жауапкершілігі. Патрульдік полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында заң талаптарын сақтауға және жолда аса мұқият болуды ескертеді.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT