Исатай ауданында үлкен саябақ ашылады

Исатай ауданының Хамит Ерғалиев ауылында 1,5 гектар аумақты қамтитын жаңа демалыс саябағы салынып жатыр.

Заманауи инфрақұрылыммен жабдықталған, бұқаралық және мәдени іс-шараларға арналған сахнасы мен LED экраны бар мұндай саябақ аудан бойынша алғаш рет бой көтеруде, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

 

Жоба аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің тапсырысы бойынша жүзеге асырылуда. Құрылыс жұмыстарын «BF Элит-Құрылыс» ЖШС жүргізіп жатыр. Техникалық қадағалауды «KZ Құрылыс Сапа» ЖШС, авторлық қадағалауды «YKI GROUP» ЖШС атқарады.

 

– Қазір саябақ аумағында абаттандыру және инфрақұрылымды ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жарықтандыру жүйесі орнатылып, жасыл желек отырғызылуда. Балалар ойын алаңдары, автотұрақ, сахна, санитарлық торап және бақылау-өткізу пункті жабдықталуда. Сондай-ақ келушілерге этнографиялық орта қалыптастыру мақсатында киіз үй орналастыру жоспарланған, – деді бөлімнің бас маманы Жанна Шугупанова.

 

Жоба толық аяқталғаннан кейін саябақ ауыл тұрғындарының отбасымен серуендеп, тынығуына және мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысуына арналған қолайлы қоғамдық кеңістікке айналады.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT